Қазақстан билігі Қылмыстық кодекстің 6 бабымен іс қозғап, халықаралық іздеу салған "НеМолчи.kz" қоғамдық қорының жетекшісі Дина Смайылова (Дина Таңсәрі) қазір Черногорияда тұрып жатыр. Оны сәуірдің ортасында осы елдің полициясы Астананың сұрауымен изоляторға қамап, ертеңінде сот қайтадан босатқан.